Абай поэзиясы алғаш рет фин тілінде шырқалды

Абай поэзиясы алғаш рет фин тілінде шырқалды

Хельсинки, 2025 жылғы 11 тамыз – Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігінде «Сәуле» мәдени қоғамымен бірлесе отырып, ұлы ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай оқулары» өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың поэзиясы мен прозасынан үзінділерді қазақ, фин және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқып, жоғары дайындық деңгейі мен рухани тереңдікті көрсетті.

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов құттықтау сөзінде Абай мұрасының қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы рөліне тоқталып, қазақ мәдениеті мен тілін халықаралық деңгейде дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

Байқау нәтижелері бойынша қатысушылар «Сахналық шеберлігі үшін», «Мәтінді терең түсінгені үшін», «Көрермен көзайымы» сияқты номинациялармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Абай оқулары Хельсинкиде қазақ әдебиетін, мәдениетін және тілін шетелде танытудың жарқын үлгісіне айналды.