Каир, 2025 жылғы 5 тамыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысырдың Жастар және спорт министрі Ашраф Собхимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында А. Жеңіс екі ел арасындағы жастар және спорт салаларындағы қарым-қатынастар мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты және оның қазіргі жағдайы мен келешек перспективаларын талқылай келе, екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
Өз кезегінде А. Собхи жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзара қызығушылық танытқан бағыттарда екі елдің жастары мен спортшыларын қолдауға бағытталған түрлі салалардағы қысқа мерзімді арнайы тағылымдық кездесулерін ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ Мысырдың Ұлттық жастар және спорт стратегиясы аясында қазақ тараппен бірлескен іс-шараларды өткізуге дайындықтарын жеткізді.
Сонымен қатар Қазақстан мен Мысыр мемлекеттік органдары арасындағы жастар және спорт салаларында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тиісті екіжақты меморандумдардың жобаларын дайындау барысын кеңінен талқылады.