Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері Оман Сұлтандығының Инвестициялық қорының Президентімен талқыланды

Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері Оман Сұлтандығының Инвестициялық қорының Президентімен талқыланды

Масқат, 2025 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығы Инвестициялық қорының Президенті Әбдүсаләм Әл-Мүршидимен кездесуі өтті.

Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары, сондай-ақ көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Тараптар үстіміздегі жылғы желтоқсан айында жоспарланған Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысына дайындық мәселесін қарады.

Оман тарапы Қазақстан мен Оман арасындағы тиімді экономикалық жобаларды қаржыландыру мақсатында бірлескен инвестициялық қор құру мәселесіне қызығушылық танытты.

Кездесу соңында Оман Инвестициялық қорының президенті Қазақстанның ірі ұлттық экономикалық жобалар, сондай-ақ келешегі бар өндірістік және ауыл шаруашылығының нысандарына инвестиция тарту мүмкіндіктерімен танысу үшін Қазақстанға сапармен шақырылды.