Подгорица, 2025 жылғы 25 шілде – Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Парламентінің Президенті Андрия Мандичпен кездесу өткізді.
Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, әртүрлі деңгейлердегі сапарлар алмасуды жандандырудың маңыздығын атап өтті.
Кездесу барысында парламенттік дипломатияның Қазақстан мен Черногория арасындағы байланыстарды нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды. Парламент Президенті парламенттік қарым-қатынастарды жандандыруға қызығушылық танытып, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін растады.
Кездесу соңында тараптар тұрақты диалогты жалғастырып, өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.