БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталасында Қазақстан БҰҰ Жарғысына және дауларды бейбіт жолмен реттеуге бейілділігін растады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталасында Қазақстан БҰҰ Жарғысына және дауларды бейбіт жолмен реттеуге бейілділігін растады

Нью-Йорк, 2025 жылғы 22 шілде – «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті көпжақтылық және дауларды бейбіт жолмен шешу арқылы ілгерілету» тақырыбындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталасында Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Жарғысының қағидаттары мен мақсаттарын дәйекті қолдауын атап өтті.

Сонымен қатар елдің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына, оның ішінде күш қолданудан немесе күш қолдану қаупінен бас тартуға, мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметтеуге, дауларды бейбіт жолмен шешуге және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейілдігі расталды.

Өңірлік механизмдердің рөліне ерекше назар аударылды. Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) және Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Азиядағы диалог, сенім мен тұрақтылықты нығайту үшін негізгі платформалар ретінде маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес ретінде Алматыдағы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығы қызметінің және орнықты дамудың айрықша рөлін аталып өтті.