Швейцариялық «Glencore» компаниясы Қазақстанның тау-кен өндіру саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады

Швейцариялық «Glencore» компаниясы Қазақстанның тау-кен өндіру саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады

Баар, 2025 жылғы 16 шілде – Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов «Glencore» компаниясының штаб-пәтерінде бас директоры Гэри Нейглмен, сондай-ақ халықаралық трейдердің Никель-мырыш департаментінің басқарушы құрамымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар «Glencore» компаниясының Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарындағы өнеркәсіптік нысандарындағы ағымдағы қызметін, сондай-ақ өндірістерді жаңғырту және тау-кен өндіру саласында озық тұрақты тәжірибелерді енгізу жоспарларын талқылады. «Glencore»-дың технологиялық тәжірибесін пайдалану және Қазақстанның сирек кездесетін металдарды барлауға қызығушылығына ерекше назар аударылды.

Швейцариялық компанияның басшылығы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тұрақтылық қағидаттарына бейілділігін растады.

«Glencore» Қазақстанда 1997 жылдан бері қызмет атқаруда және «Қазцинк» тау-кен металлургия компаниясының мажоритарлық акционері әрі ірі шетелдік инвестор. ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі бола отырып, тау-кен өндірусаласын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

2024 жылы Glencore «Fortune 500» әлемдік рейтингінде 24-ші орынды және бюджетке салық төлемдерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі шетелдік компаниялар тізімінде 6-шы орынды иеленді.