Қазақстанның Тұрақты өкілі ТМҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

Қазақстанның Тұрақты өкілі ТМҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

Ыстанбұл, 2025 жылғы 16 шілде – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушысы Еркебұлан Сәпиев ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевке сенім грамоталарын табыс етті.

Кездесу барысында Е.Сәпиев Қазақстанның Ұйыммен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ниетті екенін білдіріп, түркі әлеміндегі бірлік пен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға тұрақты үлес қосуға дайын екенін атап өтті.

К.Омуралиев қазақ тарапына ТМҰ жанында Тұрақты өкілді тағайындағаны үшін ризашылығын білдіріп, тұрақты өкілдер Ұйымның институционалдық дамуына серпін беретінін сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар ортақ құндылықтар мен стратегиялық мүдделерге негізделген түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін растады.