Мозырь, 2025 жылғы 9 шілде – Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Гомель облысының №8 Мозырь орта мектебіне Павлодар облысының тумасы Беларусьті неміс-фашистік басқыншылардан азат етудегі шайқаста қаза тапқан Кеңес Одағының батыры Михаил Максимович Катаевтың есімін беруге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Салтанатты рәсімге Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің қызметкерлері, Павлодар «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағының командирі Александр Шитов, Мозырь аудандық Атқарушы комитетінің басшылығы, Беларусь ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің өкілдері, кадет сыныптары, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары мен Беларусь ТЖМ өкілдері қатысты.
Мозырь аудандық атқарушы комитетінің Төрағасы Елена Павлечко Қазақстанның фашизмді жеңуге қосқан зор үлесін, сондай-ақ Михаил Катаевтың белорус халқы ризашылықпен еске алатын ерлігін атап өтті.
Өз сөзінде Т. Жақсылықов қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысында майданда және тылда қатысуы туралы айтты. Қазақстан Беларусь сияқты өз жауынгерлерін біздің жарқын болашағымыз үшін күрескендерін еске алады.
Іс-шара соңында қатысушылар Кеңес Одағының батыры Михаил Катаевтың бюстіне гүл шоқтарын қойып, оны бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қазақстандық жауынгерге қола бюсті 2024 жылы Мозырь қаласының №8 орта мектебінің аумағында «Майдан жолы» Павлодар іздестіру зерттеу жасағымен ERG Еуразиялық тобының көмегімен орнатылды.