Гонконг, 2025 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг және Макао АӘА-дағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Қытай Халық Саяси Консультативтік Кеңесінің Ұлттық Комитеті төрағасының орынбасары Леун Чжун-Иннің Қазақстанға жоспарланған сапары шеңберінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар «Бір белдеу, Бір жол» бастамасы аясында Қазақстанның аймақтары мен Гонконг ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, оның ішінде денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндігіне ерекше тоқталды.
Халықтың денсаулығын жақсартуға және Қазақстандағы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған медицина саласындағы бірқатар маңызды бағдарламалар талқыланды.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар ортақ жоспарларды жүзеге асыру үшін тығыз байланыста болуға келісті.
Леун Чжун-Ин – «GX Foundation» коммерциялық емес ұйымының негізін қалаушы және төрағасы, сондай-ақ, 2012 жылдан 2017 жылға дейін Гонконг АӘА-ның басшысы болған.