Польша Сеймі Қазақстанның екіжақты ынтымақтастықты дамыту бастамаларын қолдады

Польша Сеймі Қазақстанның екіжақты ынтымақтастықты дамыту бастамаларын қолдады

Варшава, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Сеймінің Сыртқы істер комитетінің төрағасы Павел Ковальмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы саяси диалогтың ілгерілмелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сұхбаттасушылар парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, келешекке арналған жоспарларды белгіледі. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу орын алды.

Екіжақты серіктестікті, әсіресе сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларында кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы осы бағыттар бойынша өзара серіктестікті жандандыруға мүдделілік білдірді.

Өз кезегінде П. Коваль қазақ тарапының ұсыныстары мен бастамаларын қолдайтынын білдіріп, екіжақты қатынастардың бүкіл спектрі бойынша ынтымақтастықты дамытуға бейілділігін растады.