Қазақстан мен Алжир ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты бастады

Қазақстан мен Алжир ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты бастады

Алжир, 2025 жылғы 22 маусым – Қазақстанның Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Ауыл шаруашылығы, ауылдық аумақтарды дамыту және балық шаруашылығы министрі Юсеф Шерфамен келіссөздерін жүргізді.

Тараптар агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жұмыстың келешектегі бағыттарын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын, құрғақ климат жағдайында тәжірибе алмасуды, келісім-шарттық және құқықтық базаны қалыптастыруды жан-жақты талқыланды.

Сұхбаттастар екі елдің фермерлері мен тұтынушыларының мүдделері үшін нақты нәтижелерге мүмкіндігінше тезірек қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бегілді.

Кездесу барысында Ю. Шерфаға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың екі ведомство арасындағы ынтымақтастық бойынша ұсыныстары егжей-тегжейлі баяндалған хатты және елімізге сапарымен келуге шақыруын тапсырылды.

Өз кезегінде Ю. Шерфа А. Сапаровтың ұсыныстарын толық қолдады. Сонымен қатар алжирлік министрі Қазақстанның аграрлық секторының даму қарқынын жоғары бағалап, бұл салада біздің елімізбен толық өзара тиімді ынтымақтастықты тез арада бастауға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ Министр қазақстандық ресми өкілдерді және фермерлерді Алжирдегі ауыл шаруашылығы көрмелері мен салондарына қатысуға шақырды.

Алжир — әлемдік рейтингте бесінші орында және жыл сайын 9 млн тоннаға дейін жұмсақ сортты бидайын сатып алатын ірі импорттаушылардың бірі.

2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан Алжирге 2,5 млн АҚШ долларынаа жуық 8,7 мың тонна бидай жеткізіп үлгерді.

Сонымен қатар Алжир — жыл сайынғы 100 мың тоннаға дейін жеткізілетін еттің маңызды импортшысы. Мысалы, 2025 жылы Құрбан-Айт тойлау үшін Алжир сыртқы нарықтан 1 млнға жуық қой сатып алды.

Алжир Сахара шөлін игеруде айтарлықтай табысқа жетті, мұнда қазір шамамен 40 мың гектар жер игеріліп, жер асты су ресурстарын пайдаланып көкөніс дақылдары өсіріледі.