Тирана, 2025 жылғы 20 маусым – Қазақстанның Албаниядағы Елшісі Искандер Айсариев Тирана қаласы әкімінің міндетін атқарушы Кети Луарасимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қазақ-албан арасындағы астаналар деңгейіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өзара іс-қимылды нығайтудағы мәдени және гуманитарлық байланыстардың рөліне ерекше назар аударды.
Сұхбаттастар Тирана қаласында қазақ тарапының қатысуымен мәдени іс-шаралар, оның ішінде халық өнерін, музыкасын, кинематографиясын және ұлттық дәстүрлерін таныстыруға бағытталған қоғамдық бастамаларды ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.
Елші екіжақты диалог пен мәдени алмасуды нығайтудағы осындай бастамалардың әлеуетін атап өтіп, қазақ тарапының осындай іс-шараларға қатысуы жоғары халықаралық мәртебе беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде, қала әкімінің міндетін атқарушы ұсынылған бастамаларға қолдау білдіріп, оларды іс жүзінде бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Сонымен бірге тараптар мәдени инфрақұрылым мен ағартушылық бағдарламаларын дамытуды, кино көрсетілімдерін өткізуді, Қазақстанның мәдени және тарихи ерекшеліктерін бейнелейтін символикалық элементтерді Тирана қаласының көрнекі орындарына орналастыру, сондай-ақ қалалық құрылымдармен өзара іс-қимыл жолдары талқыланды.