Варшава, 2025 жылғы 18 маусым – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Республикасының Даму және технологиялар Вице-министрі, Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) поляк тарапынан тең төрағасы Михал Барановскиймен кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың оң динамикасын атап өтіп, екіжақты экономикалық өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Бұл ретте ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін, атап айтқанда, тауар номенклатурасын әртараптандыру және өзара инвестициялар көлемін ұлғайту есебінен елеулі перспектива аталып өтті.
Орта дәлізді дамыту шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, көліктік-логистикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Инвестициялық серіктестікті тереңдету перспективалары да талқыланды.
Н. Жалғасбаев бүгінгі таңда Қазақстанда «Polpharma» және «Selena» сияқты танымал брендтерді қоса алғанда, 145-ке жуық поляк компаниясы табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасына салынған поляк инвестицияларының көлемі 2005 жылдан бергі барлық кезеңдегі жалпы көлемнің үштен бірін құрады, бұл поляк бизнесі тарапынан өсіп келе жатқан сенімін куәландырады.
М. Барановский өз кезегінде Қазақстан экономикасының жетістіктерін жоғары бағалады және Польша үшін Орталық Азия контекстінде Қазақстанмен стратегиялық серіктестіктің ерекше маңыздылығын растады.
Қорытындылай келе, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша ҮАК кезекті отырысын, сондай-ақ екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өтетін бизнес-форумды дайындау барысы талқыланды.