Бангкоктағы БҰҰ АТМЭӘК-ның штаб-пәтерінде өркениеттер арасындағы Халықаралық Диалог күні аталып өтті

Бангкоктағы БҰҰ АТМЭӘК-ның штаб-пәтерінде өркениеттер арасындағы Халықаралық Диалог күні аталып өтті

Бангкок, 2025 жылғы 10 маусым – Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі Цивилизациялар арасындағы диалог халықаралық күніне арналған салтанатты іс-шара БҰҰ АзТМЭӘК-ның штаб-пәтерінде өтті.

Салтанатты жиынға Бангкоктағы дипломатиялық өкілдіктердің жоғары лауазымды тұлғалары, Таиланд Үкіметі, БҰҰ АзТМЭӘК хатшылығы, БҰҰ жүйесінің мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңірінің сарапшылары мен жастар өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – елдер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ теңдік пен өзара құрмет рухындағы серіктестікті ілгерілету арқылы ортақ өркендеу мен прогреске жол ашу болды.

Қазақстан Республикасының Елшісі, БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты Өкілі Арман Исетов өз сөзінде Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілетуге тұрақты бейілді екенін атап өтті. Бұл бағыт жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін негізгі фактор болып саналады. Қазақстанның осы бағыттағы негізгі бастамаларының бірі – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, ол халықаралық диалогты дамытуға 20 жылдан астам уақыт бойы үлес қосып келеді.

Іс-шара аясындағы мәдени бағдарламада тайлық өнер ұжымы дәстүрлі қазақ билерін орындап, мәдени алмасу мен достықтың символына айналды.