Қазақстан мен Люксембург белсенді диалогты жалғастыруда

Қазақстан мен Люксембург белсенді диалогты жалғастыруда

Люксембург, 2025 жылғы 10 маусым – Люксембургке жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембург Премьер-министрінің дипломатиялық кеңесшісі Лорис Николеттимен, Сыртқы және еуропалық істер министрлігі саяси директорының орынбасары Алан де Муйзермен, сондай-ақ Ұлы Герцогтік Сауда палатасының халықаралық департаментінің директоры Синди Теребамен жеке кездесулер өткізді.

Л. Николеттимен кездесу барысында 2025 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люксембург Премьер-министрі Люк Фриден арасындағы телефон арқылы сөйлесу нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы талқыланды. Люксембург саясаткері ел басшылығы Қазақстанмен көп жоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екеніне назар аударды.

Саяси және экономикалық іс-шараларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты Люксембург саясаткеріне Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстардың қарқынды дамуы туралы айтып, әсіресе критикалық шикізат материалдары, жасыл энергетика, цифрландыру және көлік-транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану салаларындағы ынтымақтастықтың кеңейгенін атап өтті.

А. Де Муйзермен кездесуде екіжақты қатынастар, ЕО-ОА форматындағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Алдағы қазақ-люксембургтік іс-шаралар талқыланды.

С. Теребамен кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі тереңдету перспективалары қарастырылды. С. Тереба Қазақстан мен Люксембургтің шаруашылық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті. Сондай-ақ 2025 жылғы 6 маусымда Люксембургке қазақстандық бизнес миссиясы сапарының нәтижелері жоғары бағаланды.

2024 жылы Люксембургтен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 520 млн АҚШ долларынан асты.