Қазанда «Тарихи жады: академиялық тәсілдер және академиялық емес интерпретациялар» қазақ-ресейлік ғылыми конференция өтті

Қазанда «Тарихи жады: академиялық тәсілдер және академиялық емес интерпретациялар» қазақ-ресейлік ғылыми конференция өтті

Қазан, 2025 жылғы 10 маусым – Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов «Тарихи жады: академиялық тәсілдер және академиялық емес интерпретациялар» атты Қазақстан-Ресей ғылыми конференциясының жұмысына қатысты.

Конференция тарихшылардың ғылыми зерттеулері аясындағы Алтын Орда өркениетінің рөлі мен маңызына арналған бірқатар іс-шаралардың жалғасы болды. Бұл тараптар арасындағы ғылым мен білім саласындағы байланыстарды нығайтып, ынтымақтастықтың жаңа форматтарын іздестіруге ықпал етеді.

Конференцияға қатысушылар Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасының, генеалогияны қалпына келтірудің, Жошы билеуші әулетінің тармақтары, Едігенің тарихи келбетінің өзекті мәселелерін қозғады. Түркі және араб дереккөздерінен Алтын Орданың орта ғасырлардағы Еуропа және Азия мемлекеттерінің саясатына ықпалы, Каспий маңы қалалары мен Поволжьенің «жоғалып кеткен қалаларын» зерттеу, Орда дипломатиялық дәстүрін XVI ғасырда Мәскеу мемлекетінде қабылдау және т.б. туралы жаңа деректер талқыланды. Көптеген баяндамалар Алтын Орданың әлемдік тарихтағы шынайы рөлін айқындайтын бұрын зерттелмеген қолжазбаларға, фольклорға және артефактілерге негізделген.

Конференция жұмысына Қазақстан мен Ресейдің тарих, археология және этнология салаларының жетекші ғалымдары қатысып, түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Қазақстандық делегацияның қатысушылары: Ақан Оңғарұлы, Меруерт Әбусейітова, Айболат Көшкімбаев, Жабай Қалиев, Еркін Әбіл, Әлима Аунасова, Зәуреш Сақтағанова, Жанна Мәжитова және т.б.

Сонымен қатар Жошы Ұлысының ғылыми-зерттеу институтының директоры Жақсылық Сәбитов «ДНК тарихы татарлар мен қазақтар: тарихшының көзімен» тақырыбында «Миллиард. Татар» лекция командасына Габдулла Тукай әдебиет музейінде дәріс өткізді.

Іс-шараны Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Ш. Марджани атындағы Тарих институты және Болгар ислам академиясы, сондай-ақ Ресей мен шетелдің жетекші ғылыми мекемелерінің қолдауымен ұйымдастырды.