Дүниежүзілік буддистер бауырластығы VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысатынын растады

Дүниежүзілік буддистер бауырластығы VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысатынын растады

Бангкок, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Дүниежүзілік буддистер бауырластығының президенті Фаллоп Тайиримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне Дүниежүзілік буддистер бауырластығының қатысуын талқылады.

А. Исетов бұл шараның конфессияаралық диалогты қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті. Жаһандық қауіп-қатерлер мен келіспеушіліктердің күшеюі жағдайында діни әлем көшбасшылары адамзатты біріктіре алатыны айтылды.

Өз кезегінде, Ф. Тайири Дүниежүзілік буддистер бауырластығы көптеген жылдар бойы Дін лидерлерінің съезін Қазақстанда өткізуге қолдау білдіріп келе жатқанын, сондай-ақ биыл күзде Астанада өтетін дін қайраткерлерінің форумына қатысатынын растады.