Қазақстан мен Канада тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Канада тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды жалғастыруда

Астана, 2025 жылғы 2-5 маусым – Қазақстанның Канададағы Елшілігінің қолдауымен Канаданың тау-кен өндірісі саласындағы жетекші компанияларының өкілдерінен құралған канадалық бизнес-миссияның Қазақстанға сапары ұйымдастырылды. Бұл сапар Астанада өткен 15-ші Халықаралық металлургтер конгресіне қатысу шеңберінде ұйымдастырылды.

Сапар шеңберінде, 3 маусым күні делегация мүшелері «Қазақмыс» компаниялар тобының өндірістік нысандарына, оның ішінде Нұрқазған кен-байыту комбинаты мен жерасты шахтасы барды, барды. Канадалық өкілдер өндірістік процестермен және инфрақұрылыммен тікелей танысып, қазақстандық серіктестерімен технологиялық даму және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.

Конгресс аясында 4 маусым күні «Жаңа технологиялар, тәжірибе және заманауи шешімдер – барлығы бір жерде: Канададан Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне арналған үздік шешімдер» атты арнайы панельдік сессия өтті. Сессия қазақстандық тау-кен компанияларының, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық құрылымдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Іс-шара барысында Канадада әзірленген технологияларды өндіріске енгізудің табысты мысалдары ұсынылып, шешімдерді жергілікті деңгейде бейімдеу және бірлескен жобаларды іске асырудың болашағы талқыланды.

Канадалық делегацияның бұл сапары халықаралық іскерлік қауымдастықтың қарқынды дамып келе жатқан, қолайлы инвестициялық климатқа ие және жер қойнауын пайдалану саласында технологиялық жаңғыртуға мықты әлеуеті бар Қазақстан нарығына деген қызығушылығының артып келе жатқанын тағы да дәлелдеді.