Спорт және туризм саласындағы ынтымақтастық Қазақстан-Пәкістан күн тәртібінің назарында

Спорт және туризм саласындағы ынтымақтастық Қазақстан-Пәкістан күн тәртібінің назарында

Исламабад, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Провинцияаралық үйлестіру Министрінің бірінші орынбасары (Федералдық хатшы) Мохюдин Ахмад Уанимен кездесті.

Кездесу барысында сұхбаттастар туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Елші ү.ж. сәуірде Исламабад қаласында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысының негізгі қорытындылары туралы хабарлады.

Қол қойған спорт саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға, сондай-ақ екі елдің спорт федерациялары мен туроператорлары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі уағдаластықтарға ерекше назар аудары.

Сонымен қатар тараптар білім беру саласындағы, атап айтқанда жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Федералдық хатшы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты арттыру үшін қолда бар әлеуетті атап өтті.

Өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Федералдық хатшы аталған жоспарларға қолдау білдіріп, Министрлік тарапынан қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.