Берн, 2025 жылғы 2 маусым – Дүниежүзілік пошта одағының Бас директоры Масаихико Метокимен кездесу барысында Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Қазақстанның ДПО мақсаттарына бейілділігін растады және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Қазақстан ұлттық пошта жүйесін жаңғырту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы үдерісте цифрландыру, логистика мен электрондық саудаға интеграцияға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Қазақстан тарапы тұрақты даму мен цифрлық қызметтер саласындағы пилоттық жобалар мен техникалық бастамаларға қатысуға дайын екенін жеткізді.
Кездесуде Қазақстанның ДПО қамқорлығымен Астанада ірі халықаралық форум өткізу жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Ұсынылған форум өңірдегі цифрлық трансформация, орнықты логистикалық шешімдер, өңірлік өзара байланысты дамыту және электрондық сауданы интеграциялау мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналуы мүмкін.
Сонымен қатар Қазақстан өз аумағында аймақтық пошта-логистикалық орталық құру бойынша ДПО-мен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.
Кездесу соңында тараптар ұсынылған бастамаларды нақтылау және Орталық Азиядағы пошта инфрақұрылымын нығайту мен сектордың орнықты дамуын қолдау мақсатында техникалық деңгейде диалогты жалғастыруға уағдаласты.