Қазақстан мен Сауд Арабиясы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуде

Қазақстан мен Сауд Арабиясы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуде

Ар-Рияд, 2025 жылғы 1 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының Азаматтық авиация Бас басқармасының (GACA) Президенті Абдулазиз әл-Дуаиледжмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы азаматтық авиация саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде авиациялық қатынасты дамыту, екі елдің ірі қалалары арасында жаңа авиамаршруттар ашу, жолаушылар және жүк ағындарын ұлғайту және т.б. мәселелерді талқылады.

М. Меңілбеков Қазақстанның авиация саласының дамуы, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері туралы баяндап, Сауд авиакомпанияларының ҚР-да 5-дәрежелі әуе еркіндігін пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында «Алматы-Джидда», «Алматы-Медина», «Шымкент-Джидда», «Шымкент-Медина» және «Астана-Джидда» бағыттары бойынша тұрақты рейстер бар, оларды қазақстандық «Air Astana», «SCAT» компаниялары және Сауд Арабиясының «FlyNas» авиакомпаниясы жүзеге асырады.