Белград, 2025 жылғы 30 мамыр – Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың серб тіліне елшілік аударған «Балалық шаққа саяхат» повесінің бірнеше ондаған данасын Сербия тәж ханшайымы Катарина Карадорджиевичтың қайырымдылық қорына сыйға ұсынылды.
Мейірімділік қорының басқарушысы Дияна Добротаның айтуынша, кітаптарды беру Елшілік пен қор арасындағы ынтымақтастықтың тамаша дәстүріне айналды және бұл өз кезегінде мәдениеттер мен жас ақыл – ойларды байланыстыратын кітап пен білім берудің зор ықпалы бар.
Серб тараптары бұл дәстүр ерте жастан бастап достық, өзара түсіністік пен мәдени алмасуды дамыта отырып, ұзақ мерзімді оң әсер ететініне сенім білдірді.
Сыйға тартылған кітаптар Сербиядағы мектептер мен балалар мекемелеріне беріледі, онда олар кітапханаларды толықтырып қана қоймай, қазақ халқының әдебиеті мен тарихына терезе ашады.
Қорытындылай келе, Қордың басшысы мейірімділік қоры Қазақстан балаларына Халықаралық балаларды қорғау күніне орай тәж ханшайымы К. Карадорджиевичтың жылы құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.
Сербияның тәж ханшайымы Катарина қоры 2001 жылдың тамызында ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетімдерге және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмектесу үшін құрылды. Қордың өкілдіктері Чикагода, Нью-Йоркте, Торонтода, Лондонда (ірі серб диаспораларын ескере отырып) ашылды.
2024 жылы Елшілік қорға «серб тіліндегі қазақ ертегілері» кітаптарын берді.