Қазақстан мен Финляндия сараптамалық байланыстарды кеңейтуде

Қазақстан мен Финляндия сараптамалық байланыстарды кеңейтуде

Хельсинки, 2025 жылғы 30 мамыр – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Александр институтының директоры Маркку Кангаспуромен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, көзқарастарымен және бағаларымен алмасты. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырды. Сараптамалық және ақпараттық материалдарды бірлесіп пайдалануды, зерттеулер, сұхбаттар, тағылымдамалар бағдарламаларын және өзара сапарларды қоса алғанда, екі елдің талдау орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақ дипломаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалармен, сондай-ақ көпвекторлы тәсілді және Астана ілгерілетіп отырған негізгі халықаралық бастамаларды қоса алғанда, елдің сыртқы саясатының ағымдағы бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

М. Кангаспуро жаһандық және өзекті сын-қатерлердің бірлескен шешімдерін іздеу үшін елдер арасындағы диалогты нығайтудағы Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті.