Лахор, 2025 жылғы 21-23 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Лахор қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар шеңберінде ресми, іскерлік және академиялық топтармен, Пәкістан спорт федерацияларымен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ Абдул Алим Хан атындағы қайырымдылық қорының балалар үйіне барды.
Пенджаб Сауда және өнеркәсіп министрі Шафай Хусеинмен келіссөздер аясында ынтымақтастықты одан әрі арттыру және Қазақстанмен іскерлік байланыстарды жолға қою үшін жаңа бағыттарды іздеу перспективалары талқыланды. Министр провинцияның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, қазақстандық кәсіпкерлермен қарым-қатынасты нығайтуға және әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті.
«Fauji foods ltd» мекеменің басқарушы директоры Али Аванмен кездесуде тараптар өзара іс-қимыл үшін ықтимал бағыттар бойынша пікір алмасты. Елші «Fresh n Freeze» компаниясының кәсіпорындарының біріне барып, өндіріс үдерісімен және шығарылатын өнім ассортиментімен танысты. Ол ауыл шаруашылығы бойынша екіжақты бірлескен жұмыс тобын құру туралы хабардар етті, оның шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында серіктестік орнату жоспарлануда.
Лахор қаласы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) президенті Миан Абузар Шадпен келіссөздер барысында Елші Түркістан және Лахор қалалары арасында бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлап, оны іске асыру мақсатында екі қаланың іскер топтары мен СӨП арасында тікелей байланыс орнатуды ұсынды.
Өз кезегінде М. А. Шад жақын арада Қазақстанға келуге ниет білдіріп, Түркістан қаласының кәсіпорындарымен және СӨП-пен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Бикенхаус Ұлттық университетімен, доктор Мойед Юсуфпен және Пенжаб университетінің проректоры доктор Мухаммад Алимен кездесу кезінде тараптар биыл 28 сәуірде өткен Қазақстан және Пәкістан университеттерінің бірінші форумына, сондай-ақ «Study in Kazakhstan» атты білім көрмесіне жоғары баға берді.
ҚР мен ПИР жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды кеңейту және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует аталып өтті.
Пәкістанның Ұлттық олимпиада комитетінің, бокс және кабадди федерацияларының басшылығымен келіссөздер барысында тәжірибе алмасу, бірлескен жиындар, оқу-жаттығу лагерлері және т.б. іс-шаралар өткізу мақсатында байланыс орнатуға және өзара іс-қимыл орнатуға қызығушылық білдірілді.
Лахор қаласына іссапар шеңберінде Елші «Lake view City» құрылыс мегажобасына барып, онда «Ejaz Group» төрағасы, бұрынғы ПИР Ішкі істер, сауда, индустрия және өндірісінің федералды министрі Гохар Ежазпен кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды ұлғайтуға баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Елші Абдул Алим Хан атындағы «Аpna Ghar» қайырымдылық қорының балалар үйінде барып, мекеменің тәрбиеленушілерімен және оқытушыларымен кездесті.