Хельсинки, 2025 жылғы 22 мамыр – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимовтың Финляндияның Евангелиялық-лютерандық шіркеуінің басшысы Тапио Лууомамен кездесуі өтті.
Қазақ дипломаты сұхбаттасын Қазақстанда жүргізіліп жатқан дінаралық диалог саясатымен, 2025 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезімен таныстырды, сондай-ақ Т. Лууомға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан ресми шақыру тапсырды.
Евангелиялық-лютерандық шіркеудің басшысы шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның толеранттылықты нығайтуға және діндердің бейбіт қатар өмір сүру идеясын ілгерілетуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалай отырып, алдағы Съезге қатысатынын растады.