Эфиопияда Тұңғыш Президенті күні аталып өтті

Эфиопияда Тұңғыш Президенті күні аталып өтті

Аддис-Абеба, 2020 ж. 27 қараша Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған семинар өткізді. Іс-шараға Сыртқы істер министрлігінің, ғылыми-зерттеу институттарының, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Аддис-Абеба университетінің студенттері қатысты.

Қазақстан Елшісі Барлыбай Садықов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация жасады. Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан табысты саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізгені атап өтілді. Қазақстан заманауи, демократиялық, дамыған мемлекет, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.

Елбасының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы, ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіне үлес қосудағы, сенім шараларын құру және жанжалдарды болдырмайтын және бейбітшілікті сақтаудағы рөлі ерекше атап өтілді. Қоғамдағы этносаралық және дінаралық қатынастарды, толеранттылық пен келісімді үйлестіру саясатының маңыздылығы айтылды.

Семинарға қатысушылар үшін фотокөрме ұйымдастырылып, Елбасыға арналған фильм көрсетілді.

Сонымен қатар, ү.ж. 25 қарашада Эфиопияның танымал «Капитал» газетінде Елбасының қызметі туралы мақала жарияланды. Мақалада ядролық қарусыздану, терроризмге қарсы күрес және өркениетаралық диалог салаларындағы Елбасының халықаралық бастамалары әлемнің бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қосылған үлесі зор екендігі аталған. Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Еуродақ, өңірлік көршілерімен стратегиялық және кеңейтілген серіктестік және әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынастарын орнатты.