Шэньси провинциясында Қазақстан өңірлерінде қалалық агломерацияларды дамыту бойынша қытай тәжірибесін қолдану перспективалары талқыланды

Шэньси провинциясында Қазақстан өңірлерінде қалалық агломерацияларды дамыту бойынша қытай тәжірибесін қолдану перспективалары талқыланды

Сиань, 2025 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаевтың сапары аясында Шэньси өңірінің Ханьчэн тәжірибелік-инновациялық қаласы әкімшілігінің өкілдерімен және бизнес құрылымдарымен кездесулері өтті.

Сапар аясында аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың үздік тәжірибелері мен Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына бейімделген инновациялық шешімдер талқыланды. Шағын және орта бизнесті қолдау механизмдеріне, сондай-ақ өндіріс процестерін оңтайландыру үшін цифрлық платформаларды енгізуге ерекше қызығушылық танытылды.

«Қала типті ауыл» және «бір ауыл (үй) – бір өндіріс» сияқты инновациялық муниципалды бағдарламалар Қазақстан дипломаттарының назарын ерекше аударды. Бұл бағдарламалар ауыл және қала маңы өмір салтын үйлестіруге, әрбір шаруашылықта жергілікті өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Екі тарап Шэньси провинциясының осы тәжірибесінің тиімділігін және оны Қазақстан аймақтарында аграрлық-өнеркәсіптік теңгерімді дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды оңтайландыру және тұрмыстық деңгейін арттыру үшін қолдану мүмкіндігін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бағытында өзара қызығушылық білдірілді. Тараптардың басшылары мен сала мамандарының өзара сапарларын ұйымдастыру бойынша нақты қадамдар белгіленді.

ҚР Бас консулдығы мен Ханьчэн қаласының әкімшілігі инновациялық технологияларды жергілікті жағдайларға бейімдеуге және экономикалық-инновациялық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсетуге дайындықтарын растады.