Рига, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Қазақстандық туристік қауымдастықпен (ҚТҚ) және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп Ригада «Қазақстанның туристік әлеуеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов өзінің алғы сөзінде іс-шараға қатысушылардың назарын шетелдік туристердің ағынын шүбәсіз тарта алатын Қазақстанның бай мәдени және тарихи көрікті жерлеріне, табиғи ресурстарына аударды. Қазақ дипломаты еліміздің туристік мүмкіндіктерін ашуға оның әлемнің 83 елінің азаматтары үшін визасыз режимі ықпал ететінін, оның ішінде Латвия да бар екенін атап өтті.
ҚТҚ мен «Kazakh Tourism» ҰК» өкілдері онлайн-форматта елдің туристік әлеуеті туралы айтып, Латвиядан және бүкіл Балтық өңірінен келетін туристер үшін негізгі бағыттармен және ең креативті шешімдермен таныстырды. Қазақстандық мамандар латвиялық туроператорлар үшін таныстыру сапарын ұйымдастыруға және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін растады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар латвиялық саяхатшылар үшін Қазақстанға, соның ішінде мәдени бағыттарға, тау туризміне және елдің ұлттық саябақтарына бірегей сапар жасау бойынша айтарлықтай қызығушылық танытып, баяндамалардың ақпараттық мазмұнын жоғары бағалады.
Іс-шараға Балтық өңірі туристік саласының сарапшылары, латвиялық туркомпаниялардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.