Қазақстан мен Непал дипломатиялық қатынастар орнағанының он жылдық мерейтойын атап өтуде

Қазақстан мен Непал дипломатиялық қатынастар орнағанының он жылдық мерейтойын атап өтуде

Нью-Дели, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістандағы Непал Елшісі Шанкар Шарма мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар биыл екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына он жыл толып отырғанын атап өтті. Осы кезең ішінде өзара түсіністік пен белсенді ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді, соның ішінде БҰҰ аясында да. Осыған байланысты Қазақстан Елшісі Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын бірлесіп әзірлегені үшін Непал тарапына алғыс білдірді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне, соның ішінде көлік пен логистика және энергетика салаларына, халықаралық көлік дәліздерін және балама бағыттарды пайдалануға ерекше назар аударылды. Екіжақты сауданы арттырудың жоғары әлеуеті аталып өтті, оның ішінде сауда миссияларының өзара сапарларын ұйымдастыру, сауда және инвестициялар мәселелері жөніндегі Бірлескен жұмыс тобын құру мүмкіндігі қарастырылды.

А. Есқараев дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін өзара визасыз режим туралы келісімге тезірек қол қоюға үміт білдірді, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының Непалдың альпинизмі мен табиғи көрікті жерлеріне деген қызығушылығының артуын ескере отырып, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша бастама көтерді.

Сонымен қатар тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың, мәдени және туристік алмасулардың даму мүмкіндіктерін және екі елдің де виза рәсімдерін жеңілдету бойынша қадамдарын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өзара диалогты одан әрі тереңдетуге және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бейілділігін растады, алдағы жылдар екі ел арасындағы орнықты даму мен жақындасу кезеңі болатынына сенім білдірді.