Загреб, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватиядағы Ислам қоғамдастығының Рухани басқармасының басшысы, Мүфти Азиз Хасановичпен кездесті.
Кездесу барысында Елші А. Хасановичке Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне қатысуға ресми шақыруды табыстап, конфессияаралық диалогты нығайтуға, діни төзімділік пен әртүрлі мәдениеттер мен діндер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған қазақстандық бастамаларды тұрақты түрде қолдап келе жатқан Хорватия Ислам қоғамдастығына алғыс білдірді.
Өз кезегінде, Мүфти Қазақстан басшылығының рухани және діни құндылықтарды дамытуға бағытталған ұстанымдарын қолдайтынын білдіріп, 2023-2033 жылдарға арналған Съезді дамыту тұжырымдамасының өзектілігі мен дер кезінде қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар ол толеранттылыққа, бейбітшілік пен көпконфессиялы қоғамдағы барлық азаматтардың құқықтарын құрметтеуге негізделген Қазақстанның зайырлы дәстүрлері елдің баға жетпес байлығы екеніне ерекше назар аударады.
А. Хасанович Хорватия Ислам қоғамдастығы делегациясының Съезд жұмысына қатысатынын растап, бұл халықаралық алаңның әртүрлі діндер мен мәдениеттер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.