Мысыр өңірлерімен байланыстарды дамыту жұмысы жалғасуда

Мысыр өңірлерімен байланыстарды дамыту жұмысы жалғасуда

Банха, 2025 жылғы 18 мамыр – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңістің Мысырдың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Қалюбия провинциясының губернаторы Айман Аттыямен кездесуі өтті.

Кездесу барысында елдер арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан өңірлері мен Қалюбия провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту жолдары мәселелері бойынша ақпарат алмасу орын алды.

А. Жеңіс губернаторға қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, Қалюбия провинциясымен ынтымақтасудағы Қазақстан өңірлерінің әлеуеті бойынша толыққанды ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар Елші губернаторға елімізде шетелдік инвесторларға ұсынылатын салықтық, инфрақұрылымдық және т.б. жеңілдіктердің ҚР Үкімет тарапынан берілетіні туралы мағлұмат беріп, мысырлық бизнесмендерді қазақстандық жобаларға қатысуға шақырды. Сондай-ақ Елшілік Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қажетті байланыстарды орнатуда жан-жақты қолдау көрсететіні айтылды.

Өз кезегінде, А. Аттыя өзі басқарып отырған провинцияның соңғы жылдардағы жетістіктерімен таныстырып, қандай да бір қызығушылық танытқан салалар бойынша Қазақстанның өңірлерімен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Сұхбат соңында тараптар өзара бауырластық қарым-қатынас орнату мүмкіндігін қарастыруға және ортақ жобаларды іске асыруға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту үшін екі жақтың әлеуетін толық пайдалануға келісті.