Санто-Доминго, 2025 жылы 6-10 мамыр – Екіжақты қатынастардың бірқатар өзекті мәселелерін, олардың ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендіру, визасыз сапарлар бойынша және құқық қорғау саласындағы келісімдерді пысықтау мақсатында Қазақстанның Кубадағы Елшісі Андриан Елемесов Доминикан Республикасына жұмыс сапармен барды.
Сапардың барысында болу елінің Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Опинио Диаспен кездесуде Доминикан тарапының 2022 жылы 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында тараптар қол қойған екі елдің азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімнің күшіне енуін қамтамасыз ету туралы мәселе талқыланды.
Екі елдің азаматтарының визасыз сапарлары туралы мемлекетішілік рәсімдер Доминикана парламентінде депутаттар комиссиясының қарастыруынан өтіп, мамыр айының соңында құжат осы елдің Президенті Луис Абинадердің қол қоюына жіберіледі деп күтілуде. Дипломатиялық, қызметтік және ресми төлқұжат иелеріне визалық талаптарды жою туралы келісімдерді Доминикан Республикасы 2024 жылғы 5 қыркүйекте ратификацияланған.
Доминикан Бас прокуратурасында өткен кездесуде доминикандық тарап қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек және сотталғандарды беру туралы келісім мәтініне қатысты сұрақтардың жоқ екені, сарапшылар деңгейінде келісім мәтініне қол қою жалпы құпталып отырғаны, тек қана адамдарды ұстап беруге қатысты болмашы ғана түсініктеме қажеттігі айтылды. Доминикана өкілдері келісімге қол қою рәсімін ү.ж. қыркүйек айында Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында өткізуді ұсынды.
Доминикан Республикасының Ішкі істер министрі Фариде Рафулмен кездесуде жергілікті өкілдер ҚР Ішкі істер министрлігімен өзара серіктестік орнатуға қызығушылық танытып, өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды ұсынды.
Доминикан Қоршаған ортаны қорғау және табиғат министрінің орынбасары Карлос Аугусто Батиста Батиста және мекеменің сарапшыларымен кездесуде 2025 жылы өтетін жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенцияның конференциясында (CITES) Қазақстан тарапының ақбөкен (тек ақбөкендердің қазақстандық популяциясы) өнімінің коммерциялық саудасына нөлдік экспорттық квота туралы аннотацияны алып тастау жөніндегі ұсынысы талқыланды. Доминиканның өкілдері Қазақстанның ұсынысын түсіністікпен қабылдап, «CITES» конференциясының алдында Қазақстанға қолдау көрсететінін жеткізді.
Қазақстанның осы елдегі Құрметті консулы Томас Гонсалестің өзінің бірқатар әріптестерімен бірлесе ұйымдастырған кездесуінде жергілікті бизнес өкілдері Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп, түрлі бағыттарда, оның ішінде сирек кездесетін металдарды игеру, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа бағыттарда ұсынылатын жобаларға қызығушылық танытты.
Қазақстан Елшісінің жұмыс сапары барысындағы кездесулерде Доминикан тарапы елімізге құрметпен қарап, екіжақты қатынастарды түрлі бағыттарда одан әрі белсенді мүмкін ілгерілетуге дайын екенін көрсетті.