Сербияда Қазақстанның жаңа Құрметті консулы тағайындалды

Сербияда Қазақстанның жаңа Құрметті консулы тағайындалды

Белград, 2025 жылғы 15 мамыр – Сербия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұловтың қатысуымен белгілі серб кәсіпкері Кристина Стоянович Ябланички және Пчинья округтеріндегі ҚР Құрметті консулының экзекватурасы мен патентін тапсыру рәсімі өтті.

Кездесу барысында Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевич құрметті консул қызметіне кірісу тек консулдық қатынастарды ғана емес, жалпы екіжақты қатынастарды жақсартуға қосымша серпін беретінін атап өтіп, екі достас халықтың игілігі жолындағы қызметіне жетістіктер тіледі.

Өз кезегінде К. Стоянович қазақ-серб қарым-қатынастарын дамытуға, елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бар күшін салатынына сендірді.