Исламабад, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Meezan Bank» атқарушы вице-президенті шейх Рашид Рауфпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі елдің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.
Елші «Астана» Халықаралық қаржы орталығы аясындағы қолда бар мүмкіндіктер мен оның артықшылықтары туралы айтып, сондай-ақ Қазақстанда қаржы технологияларын дамытудың жоғары деңгейін атап өтіп, осы сектордағы тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарастыруды ұсынды.
Тікелей банктік байланыс арналарын орнату, өзара есеп айырысу инфрақұрылымын дамыту, екі елдің клиенттеріне қол жетімді банктік қызметтерді ұсыну, сондай-ақ ислам банкингі саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сұхбаттастар өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара қызығушылық танытты және осы саладағы бар әлеуетті іске асыру бойынша нақты қадамдарды белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша «Meezan Bank» пен қазақстандық коммерциялық банктер арасында онлайн-келіссөздер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Meezan Bank» – Пәкістандағы ең ірі банктердің бірі және елдегі исламдық банктік қызметтер нарығының 30%-дан астамын иеленетін исламдық банкинг саласындағы танылған көшбасшы.