Баку, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжанның Орталық банкінің Төрағасы Талех Кязымовпен кездесті.
Елші қазақ-әзербайжан қатынастарының, оның ішінде экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне назар аударды. Атап айтқанда, Әзербайжан Орталық банкімен Қазақстанның Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Астана халықаралық қаржы орталығы жемісті қарым-қатынас орнатқан.
Сондай-ақ қазақ дипломаты Т. Кязымовты 2025 жылғы мамырда Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің орталық банктері Кеңесінің бірінші отырысына шақырды.
Өз кезегінде АР Орталық банкінің төрағасы аталған іс-шараға қатысатынын растап, Кеңесті құру жөніндегі бастаманы қазақ тарапының ұсынғанын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ екі елдің орталық банктері тәжірибе алмасу бойынша және халықаралық алаңдарда табысты ынтымақтастық жүргізіп жатқанына назар аударды.
Кездесу барысында қазақ-әзербайжан мемлекетаралық қатынастарына арналған естелік монета басып шығару мүмкіндігі талқыланды.