ОПЕК Қоры Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

ОПЕК Қоры Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Вена, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ОПЕК-тің Халықаралық даму қорының Президенті Абдулахамид Аль-Халифамен кездесу өткізді.

Сұхбаттастар 2024 жылы жоғары деңгейде өткен келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында өзара іс-қимылдың жандана түскенін атап өтті.

Сондай-ақ биыл өтетін Астана халықаралық форумына қатысуына байланысты Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері және басқа да басым салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.