Бурса, 2025 жылғы 13-14 мамыр – Түркияның өнеркәсіптік дамыған өңірлерімен екіжақты өзара іс-қимылды тереңдету аясында елдің экономикасында төртінші орынды иеленетін, өндірістік, инвестициялық және экспорттық әлеуеті жоғары Бурса провинциясына Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұлдың жұмыс сапары өтті.
Сапар аясында Бурса провинциясының губернаторы Ерол Айылдыз, Бурса полиция департаментінің жетекшісі Сабит Акын Займоғлы, «Bursa Uludağ University» ректоры Ферудун Йылмаз және «Bursa Technical University» проректоры Бейхан Байханмен ресми кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды дамыту және мемлекеттік әрі іскерлік құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды жолға қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Бурса провинциясының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары – «ÜCGE», «Harput Tekstil» және «Durmazlar» компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер барысында инвестиция тарту, өндірістік кооперацияны кеңейту және сауда жабдықтары өндірісі мен логистика (ÜCGE ), тоқыма өнеркәсібі (Harput Tekstil), машина жасау және көлік технологиялары салаларындағы (Durmazlar) бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Өткізілген кездесулер экономикалық байланыстарды жандандыруға деген өзара қызығушылықты растап, екіжақты қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Бұл сапар тұрақты әрі өзара тиімді серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы болмақ.