Қазақстан мен Пәкістан теміржол қатынасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Пәкістан теміржол қатынасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Исламабад, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Кистафиннің Пәкістан Темір жол министрі Мұхаммад Аббасимен кездесуі өтті.

Көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Екі тарап Ауғанстан арқылы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы теміржол қатынасын дамыту жөніндегі бастамаларды қолдап, бұл екіжақты ғана емес, өңірлік форматта да сауданы нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тиімді, қауіпсіз және орнықты дәліздерді, оның ішінде транзиттік мақсаттағы маршруттарды құруға баса назар аудара отырып, теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі нақты жоспарлар белгіленді.