Қазақстан мен Солтүстік Македония экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Солтүстік Македония экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті

Скопье, 2025 жылғы 7 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Македонияның Экономика және еңбек министрі Бесар Дурмишимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, екі елдің экономикасын дамытудың басым бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ қазақ дипломаты екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы аясында биылғы жылы жоспарланған шаралар туралы да хабардар етті.

Елші Б. Дурмишиді алдағы Астана халықаралық форумының (AIF) тұжырымдамасымен таныстырып, оған қатысуға шақырды.

Министр Қазақстанның қол жеткізген макроэкономикалық көрсеткіштерін жоғары бағалап, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа мүдделілік танытты.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.