Қазақстан мен Финляндия цифрлық технологиялар саласындағы серіктестікті нығайтуда

Қазақстан мен Финляндия цифрлық технологиялар саласындағы серіктестікті нығайтуда

Эспоо, 2025 жылғы 13 мамыр – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов финдік «Nokia» компаниясының бас кеңсесінде болып, мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басшы Карол Маттиламен кездесті.

Сапар барысында қазақ дипломаты «Nokia» жаһандық қызметімен және оның сыртқы нарықтардағы негізгі бағыттарымен танысты. Цифрландыру, телекоммуникация және инновациялық шешімдерді енгізу саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Тараптар Қазақстанда телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда және цифрлық экожүйелерді құруда «Nokia» технологиялық әзірлемелерін қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Соңында тараптар ынтымақтастықты дамыту және кеңейту үшін өзара іс қимылды жалғастыруға уағдаласты.