Варшава, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Владислав Теофил Бартошевскиймен кездесті.
Сұхбат барысында қазақ-поляк қарым-қатынастарын дамыту перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасты. Сұхбаттастар алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін егжей-тегжейлі қарастырды.
Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алаңдарындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Қазақстан мен Польша арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары қозғалды.
Поляк дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси және экономикалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар болды.
Т. Бартошевский Варшава Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын және Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық өзекті мәселелері бойынша жұмыс байланыстарын қолдау туралы келісімге келді.