Әл-Кувейтте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне дайындық талқыланды

Әл-Кувейтте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне дайындық талқыланды

Әл-Кувейт, 2025 жылғы 11 мамыр – Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Азамат Бердібай Кувейт Мемлекетінің Уақыптар (қайырымдылықтар) және ислам істері министрі Мұхаммед Ибрахим Әл-Уасмимен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы діни, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.

Қазақстан елшісі 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезін өткізуге дайындық туралы айтып, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан шақыру хатын табыс етті.

Өз кезегінде Мұхаммед Ибрахим Әл-Уасми жиырма жылдан астам уақыт ішінде дінаралық диалогты дамытуға және әлемдік қоғамдастық арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен съездің маңызды рөлін атап өтіп, шақыруды ризашылықпен қабылдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы рухани, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты.