Бакуда Ұлы Отан Соғысының қаһармандары еске алынды

Бакуда Ұлы Отан Соғысының қаһармандары еске алынды

Баку, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының басшыларымен бірге құрметті жерлеу аллеясына барып, Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 102 жылдығына орай оны еске алды. Қазақ дипломаты Г. Әлиевтің, сондай-ақ оның жұбайы академик Зарифа Әлиеваның қабірлерінің алдына гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ Ә. Байел ТМД елдерінің Елшілері мен әскери атташелерімен бірге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Баку қаласының Нариманов ауданындағы «Бауырлас жерлеу» мемориалына барып, фашизмді жеңу жолында өмірі қиылған жауынгерлерді еске алды.

Айта кететін мәселе, Қазақстаннан майданға 1,2 миллионға жуық адам жұмылдырылды, бұл ретте соғыс басталғанда елімізде 6,2 миллионнан астам адам өмір сүрді. 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов сияқты көрнекті тұлғалар КСРО Батыры атағына ие болды.