Қазақстан мен Испания тұрақты табиғат пайдалану бойынша бірлескен тәсілдерді талқылады

Қазақстан мен Испания тұрақты табиғат пайдалану бойынша бірлескен тәсілдерді талқылады

Мадрид, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Уго Моранмен кездесу өткізді.

Тараптар табиғатты қорғау саясаты саласындағы өзекті мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде климаттық сын-қатерлерді, биоәртүрлілікті сақтау және экожүйелерді қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

Елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, жануарлар әлемін қорғау шаралары, сондай-ақ халықаралық табиғат қорғау ұйымдарымен серіктестік туралы испан тарабына ақпарат берді.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Қазақстанның күш-жігерін қолдайтынын білдіріп, экологиялық мәселелерді шешуде кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Испанияның табиғи аумақтарды қалпына келтіру және сирек кездесетін жануар түрлерін сақтау тәжірибесімен бөлісті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша сұхбаттастар осы салада практикалық механизмдерді дамытуға ниетті екенін растап, бірлескен бастамаларды ілгерілету үшін жұмыс байланысын қолдауға уағдаласты.