Еуропалық одақ және Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстанның жетекші рөлі Франция Парламентінде талқыланды

Еуропалық одақ және Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстанның жетекші рөлі Франция Парламентінде талқыланды

Париж, 5 мамыр 2025 жылғы – Францияның Ұлттық Ассамблеясында Франция парламентінің төменгі палатасының Халықаралық істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукстың төрағалығымен «Франция мен Қазақстанның берік стратегиялық серіктестігі Еуропа мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың көпірі және үдеткіші ретінде» тақырыбында конференция өтті.

«IPSE» француз талдау орталығының президенті Эммануэль Дюпюи ұйымдастырушысы және модераторы болған пікірталасқа француз депутаттары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, талдаушылар, сарапшылар мен журналистер қатысты.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова конференцияны ашқан сөзінде 2024 жылғы қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша нығайтылған стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген қазақ-француз ынтымақтастығының негізгі бағыттарын аудиторияға таныстырды. Қазақ дипломаты Орталық Азия өңірінің халықаралық аренадағы стратегиялық салмағының артып келе жатқанын, сондай-ақ, біздің еліміздің өңір ішінде де, оның Еуропалық одақпен қарым-қатынасында да көшбасшылық рөлін атап өтті. Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушыларға ү.ж. мамырдың соңында елімізде Астана халықаралық форумы және француз компанияларының делегациясы қатысатын Қазақстан-Франция бизнес-форумы өтетіні туралы жеткізілді.

Өз кезегінде, конференция спикерлері ЕО-ның ОА өңірімен қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастығының перспективалық бағыттарын талқылай отырып, осы процестердегі Қазақстанның шешуші рөлін растады. Сондай-ақ біздің еліміздің орта держава ретіндегі геосаяси рөлінің артуы аталып өтті.

Бұған қоса, сарапшылар Астананың көпвекторлы саясатын, «Орталық Азия – Еуропа» бағытында Қазақстан мен Францияның өңіраралық алмасуы кеңеюінің ерекше байланысын және Самарқандағы «ЕО – ОА» саммитінің нәтижелерін, сондай-ақ аталған жиын барысында Қазақстан Президенті бастамаларын жоғары бағалады.