Белград, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Александра Софрониевичпен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы туралы, атап айтқанда, көлік және туризм инфрақұрылымы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасының ашылуына ерекше назар аударылды, екі тараптың пікірінше, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай жақсартып, туризм мен бизнес алмасуды дамытуға ықпал етеді.
М.Атамқұлов Қазақстан тарапының аталған жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруға дайындығын атап өтіп, екі ел арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығы ескерілді.
А.Софрониевич екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қолдау білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытып, кеңейтуге мүдделілігін білдірді.
Сұхбатты жалғастыру үшін тараптар жұмыс байланыстары мен талқыланған жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан делегациясының Белградқа сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.