Қазақстан Елшілігі Минск қаласындағы балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді

Қазақстан Елшілігі Минск қаласындағы балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді

Минск, 2025 жылғы 26 сәуір – Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі Минск қаласындағы № 5 балалар үйінде «Наурыз мейрамы» қайырымдылық акциясын өткізді.

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов өз сөзінде Наурыздың Шығыс халықтарының қоғамдық және мәдени өміріндегі ерекше рөлін атап өтіп, Қазақстан үшін түрлі этностардың өкілдерін біріктіретін, достық пен ұлтаралық келісім рухын нығайтатын көктем мен жаңару мерекесінің маңыздылығын айтып берді.

Іс-шара аясында балалардың назарына қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы баяндайтын экспозиция ұсынылды.

Концерттік бағдарлама барысында балалар үйінің педагогы мен тәрбиеленушісінің орындауындағы Қазақстан-Беларусь достығы әнұраны шырқалды. Сонымен бірге, балалар үйінің педагогтары мен тәрбиеленушілерінің аспаптық ансамблі, «Жалейка» үлгілі-вокалдық хореографиялық ансамблі, домбырада және Беларусь дәстүрлі аспаптарында қазақ әуендері тақырыбында композициялар орындаған Беларусь Мемлекеттік музыка академиясының ансамблі өнер көрсетті.

Қазақтың ежелгі «тұсау кесу» рәсімі көрсетілді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қонақтары үшін ұлттық ойындарға, соның ішінде арқан тартысқа және т. б. арналған интерактивті алаң ұйымдастырылды.