Скопье, 23 сәуір 2025 жылғы – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Буршаков Скопьедегі жетекші Әулие Кирилл мен Мефодий мемлекеттік университетінде халықаралық қатынастар және құқық факультеттерінің оқытушылары мен студенттері алдында дәріс оқыды.
Елші өз сөзінде еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, сыртқы саясаттағы жетістіктері, өңірлік қауіпсіздікті нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді, халықтар мен діндер арасындағы түсіністікті дамыту жөніндегі түрлі бастамалар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы баяндап берді.
Жанды пікірталас барысында қазақ дипломаты аудиторияны Қазақстандағы тартымды инвестициялық ахуал, туристік әлеует және бай мәдени мұра туралы хабардар етті.
Қазақстан және оның халқы, салт-дәстүрлері туралы баяндайтын бейнероликтер мен слайдтардың фото көрсетілімі қызығушылығына ие болды.
Дәріс тыңдаушыларына еліміздегі университеттік білім беруді дамыту перспективалары және македон білім беру мекемелері үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы айтылды. С. Бұршақов «Болашақ» бағдарламасы мен Қазақстандағы жетекші әлемдік жоғары оқу орындарының филиалдары бойынша оң тәжірибеге назар аударды.
Дәріс соңында университет мұғалімдері мен оқушылары Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік тудырғаны үшін Елшілікке терең ризашылықтарын білдіріп, достық байланыстарды нығайтуға және болашақта жемісті ынтымақтастық дамытуға үміт білдірді.