Маскат, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстанның Омандағы Елшісі Айдарбек Тұматов «Salam Air» авиакомпаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап Масқат-Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін аптасына үш рет жиілікпен қайта жандандыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, туристік ағындарды арттыру, сондай-ақ екі елдің туристік компаниялары мен блогерлері үшін өзара жарнамалық турлар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесу қорытындысында Елші «Salam Air» өкілдерін еліміздің туризм мен инвестиция саласында өзін жетекші халықаралық бағыт ретінде танытуға бағытталған бастамаларымен таныстырып, Қазақстан мен Оман арасындағы көлік қатынасы мен ынтымақтастықты нығайтудың өзара тиімді тұстарын атап өтті.