Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованы еске алды

Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованы еске алды

Санкт-Петербург, 2025 жылғы 14 қаңтар – Мерген, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 81 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері көрнекті қазақ батырының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 1944 жылы 14 қаңтарда қайтыс болған А. Молдағұлова Ұлы Отан соғысы жылдарында жоғары батылдық пен жанқиярлық танытып, тарихта өшпес із қалдырды.

Осы атаулы күнге арналған іс-шаралар аясында А. Молдағұлова атындағы мемориалдық мұражай орналасқан № 140 мектепте дөңгелек үстел өтті. Қазақ батырының ерліктерін талқылауға ҚР Бас консулдығының өкілдері, әскери оқу орындарының тыңдаушылары, қазақ диаспорасының мүшелері мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар Әлия көрсеткен батылдық пен патриотизмді есте сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

2-ші Балтық майданының 22-ші армиясының 54-ші жеке атқыштар бригадасында ефрейтор атағымен қызмет еткен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры (қайтыс болғаннан кейін) атағына және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік операциялардағы ерекше еңбегі үшін Ленин орденіне ие болды.